Соңғы жаңартулар: 14/11/18ж.

ISSN 2409-4498

Рецензия беру тәртібі

«Қазақстан нейрохирургия және неврологиясы»
журналына келіп түскен мақалаларға рецензия беру тәртібі

1. «Қазақстан нейрохирургия және неврологиясы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалаларға міндетті түрде рецензия беріледі.

2. Журнал редакциясы мақаланың журнал бейініне, рәсімдеу талаптарына сәйкестілігін белгілейді және журналдың жауапты хатшысының бірінші қарауына жолдайды, хатшы қолжазбаның ғылыми құндылығын анықтайды және мақалаға мүмкіндігінше ғылыми маманданған маман-рецензентті тағайындайды. Мақалаларды рецензиялау редакция кеңесі мүшелерімен жүзеге асырылады.

3. Рецензия мерзімі  - 2 апта. Рецензия берушінің өтініші және жағдайға байланысты ол ұзартылуы мүмкін.

4. Мақалаға барынша толық әрі объективті пікір алу мақсатымен рецензент арнайы бланк толтырады, бланкта мақаладағы төмендегі сұрақтардың қамтылу деңгейі балл түрінде бағалануы керек:

1.

Жұмыс түпнұсқа болып табылады

 

2.

Алдыңғы зерттеулерді негізге ала отырып зерттеу жаңа деңгейге шығады

 

3.

Жұмыс өзекті

 

4.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері нақты, түсінікті жазылған

 

5.

Зерттеу міндеттері қойылған тапсырмаларға сәйкес

 

6.

Әдістер мен материалдар барынша түсінікті жазылған

 

7.

Ұсынылған қорытындылар зерттеу мақсаттарына сәйкес

 

8.

Қорытындылар адекватты әдістермен алынған

 

9.

Қорытындылар көрнекі түрде ұсынылған (кестелер, суреттер және т.б.)

 

10.

Қорытындылардың ғылыми маңызы бар

 

11.

Алынған мәліметтерге және мүмкін болатын қателерге баға беру

 

12.

Статистикалық талдау адекватты жүргізілген

 

13.

Өз мәліметтерін әдеби мәліметтермен салыстырулар бар

 

14.

Тұжырымдар алынған мәліметтерге негізделеді және нақты құрастырылған

 

15.

Жұмыс тақырыбы бойынша барлық маңызды басылымдарға сілтемелер бар

 

16.

Жұмыстың практикалық маңызы бар

 

17.

Реферат жұмыстың негізгі қағидаларын адекватты көрсетеді

 

18.

Жүргізілген жұмыстар этикалық нормаларға сай

 

19.

Мақала сауатты, түсінікті тілмен жазылған

 

Қойылған бағалау негізінде рецензент мақаланың одан арғы тағдыры туралы өз тұжырымын жасайды: мақала жарияланымға ұсынылады а) осы қалпында; б) рецензентпен белгіленген кемшіліктерді түзетудің есерілуімен; в) мақаланы қосымша рецензия жасау үшін басқа маманға беру; г) жарияланымға жібермеу.

5. Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Рецензияланатын мақала авторына рецензия мәтінімен танысу мүмкіндігі беріледі.

6. Егер рецензияда мақаланы түзету және толықтыру бойынша ұсынымдар болса, журнал редакциясының қызметкері авторға мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде немесе кемшіліктерді жоққа шығаруды (толық немесе ішінара) дәлелдеуді ескеруді ұсынумен рецензия мәтінін жолдайды. Автормен толықтырылған мақала рецензиялауға жолданады.

7. Автор мен рецензент арасында мақалаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылық туындаса, редколлегия мақаланы басқа рецензентке жолдауға құқылы. Талас тудыратын жағдайларда шешімді бас редактор қабылдайды.

8. Рецензентпен жарияланымға ұсынылмаған мақала екінші рет қарауға қабылданбайды. Рецензия қорытындысы теріс екендігі туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жолданады.

9. Журнал редколлегиясының мақаланы басылымға жіберу туралы шешімі қабылданғаннан кейін редакция қызметкері бұл туралы авторға хабарлайды және басылымға жарияланатын күнін көрсетеді. 

 

2013 - 2017 © Қазақ Нейрохирургтар Ассоциациясы қоғамдық бірлестігі, Қазақстан, 010000, Астана қ. Тұран даңғылы, 34/1 тел.: (7172) 51-15-97 kazneuro@gmail.com Жарияланған материалдарды редакцияның жазбаша келісімінсіз қайта басып шығаруға жол берілмейді. Қайта басып шығару кезінде журналға міндетті түрде сілтеме жасалуы керек.

MegaWeb.kz
бойынша өңделген