Соңғы жаңартулар: 28/03/24ж.

ISSN 2409-4498

Журнал туралы

  Журнал саясаты

"Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы" журналының негізі 2004 жылы қаланған. Нейрохирургия, неврология мен аралас салалардағы ғылыми және ақпараттық-аналитикалық басылым болып табылады. Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген, ақпарат және мұрағат комитеті (мерзімді баспасөз және (немесе) ақпараттық агенттігі есепке тұрғызылу туралы тіркеу куәлігі, 2009 жылғы 30 қазандағы № 10442-Ж).

Журнал «Қазақ нейрохирургтар ассоциациясы» ҚБ басқаруымен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ меншігінде.

Жылына 4 рет шығады.

Таралу аймағы Қазақстан Республикасы болып табылады.

Журналдың тақырыптық бағыты теориялық және практикалық материалдардан құралған.

    Журналдың мақсаты мен міндеттері

Журнал ғалымдар мен практикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне өз зерттеулерін басып шығару мүмкіндігін ұсынады.

Нейрохирургия, неврология және аралас салалардың перспективті және өзекті бағыттарына назар аударту.

Қазақстан нейрохирургия және неврологиясы журналы - барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға арналған қолжетімді жоба. 

   Негізгі принциптер

Егер де мақала басылымға шығатын болса, автор мақаланы ұсынарда авторлық құқықтарының баспагерге берілетінімен келіседі.  

Авторлық құқық көшірудің, таратудың (репринттерді, фотографияларды, микроформалар немесе басқа да сипатттағы шығару формаларының түрлерін қоса алғанда), сонымен қатар мақаланың аудармасының эксклюзивті құқықтарынан тұрады. Қайтадан басу кезінде міндетті түрде журналға сілтеме жасалуы керек.

Журнал редакциясы мақалаларды басып шығаруды ғылыми әдебиетті басып шығару талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Келіп түскен барлық қолжазбаларды рецензиялайды. 

Рецензия негізінде редколлегия мақаланы басып шығаруы, авторға мақаланы толықтыруды ұсынуы немесе мақаланы кері қайтаруы мүмкін.

Мақалалардағы келтірілген материалдар мен деректерге жауапкершілік авторларға жүктеледі. 

Журналға жарияланған материалдар автордың жеке көзқарасын білдіреді, ол редакция көзқарасынан ерекшеленуі мүмкін.

Редакция журналдың тақырыптық мазмұнына сәйкес емес немесе тиісінше рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы.

Редакция өзіне қолжазбаны қысқарту және редакциялық өзгерістер жасау құқығын қалдырады.

Қолжазбалар қайтарылмайды. 

Ресми сайтта жарияланған және/немесе орналастырылған материалдарды қайта басу, орналастыру немесе тарату журнал редакциясының алдын ала жазбаша түрдегі келісімсіз жүзеге асырылмайды. Жарияланымға және редакциямен өңделген материалдары пайдалануға берілген редакцияның айрықша құқықтарын бұзу заңмен қудаланады.

Жарияланымға бұрын басқа баспаларда жарияланбаған және/немесе қабылданбаған мақалалар қабылданады.

Жарнамалық жарияланымдардың дұрыстығына жарнама берушілер жауапты.

 

Журналдың негізгі тақырыбы нейрохирургия мен неврология болып табылады, сонымен қатар редакция нейроғылым және салалас барлық бағыттар бойынша мақалаларды қарастырады.

 

 Журналдың негізгі бөлімдері:

    - Түпнұсқа мақалалар,
    - Тәжірибеден алынған жағдайлар,
    - Әдеби шолулар.

 

2013 - 2022 © Қазақ Нейрохирургтар Ассоциациясы қоғамдық бірлестігі, Қазақстан, 010000, Астана қ. Тұран даңғылы, 34/1 тел.: (7172) 51-15-97 kazneuro@gmail.com Жарияланған материалдарды редакцияның жазбаша келісімінсіз қайта басып шығаруға жол берілмейді. Қайта басып шығару кезінде журналға міндетті түрде сілтеме жасалуы керек.

MegaWeb.kz
бойынша өңделген